Осы редакция 2019 ж. 24 қыркүйекте және 2019 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.02.12. № 981 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік пен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, өз құзыреті шегінде әйелдерге қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарға қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасайтын ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|