Бағалау стандарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жылжымалы мүліктің құнын бағалау» бағалау стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жылжымайтын мүлiктiң құнын бағалау» бағалау стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Бағалау базалары мен құнның типтері» бағалау стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау» бағалау стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқығы» бағалау стандарты; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қаржы құралдарын бағалау» бағалау стандарты бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10580 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15145 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 2 маусымда жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|