Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесілілік табелі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
2) «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанындағы «1720151,0» деген сандар «1434671,0» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 8-жолда: 2-бағандағы «бағдарламалық өнімдерді» деген сөздерден кейін «, автокөлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын; 6-бағандағы «519333,0» деген сандар «804813,0» деген сандармен ауыстырылсын; 3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша: осы қаулыға 384-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|