Қостанай облысының аумағындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы (2017.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелері иелерінен және жер пайдаланушылардан алып тастамай және жерлердің санатын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде - 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде - 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы; осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша қорғау аймағының шекарасы; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|