«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 Қаулысы (2022.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері құрылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Орталық атқарушы органдар мен Түркістан облысының және Шымкент қаласының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.16.10. № 645 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысына 1-қосымша
Құрылатын орталық атқарушы органдар - мемлекеттік мекемелердің аумақтық органдарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі. 2. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі. 3. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көліктік комитетінің Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|