Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 ҚОСЫМША
Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2019 ж. 1 қазандағы Хаттамамен мәтін бойынша тиісті жекеше, көпше түрдегі және септеудегі «төлеуші» деген сөз алып тасталды (2021 ж. 1 тамыздан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара)
Кедендік әкелу баждарының (өзге де баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттама (2021.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес әзірленді және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеу міндеті 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін айқындайды. Осы Хаттама Одақтың кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомаларына есепке жатқызылған өсімпұлдар (пайыздар) сомаларына да қатысты қолданылады. 2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді: «уәкілетті органның бірыңғай шоты» - түсімдерді осы мүше мемлекеттің бюджеттеріне есепке алу және олардың арасында бөлу үшін уәкілетті орган үшін ұлттық (орталық) банкте немесе ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот; «есеп беру күні» - кедендік әкелу баждарының сомаларын уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің жұмыс күні; «мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыз» - мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару міндеттемелерін орындамауына, толық орындамауына және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған осы Хаттаманың ережелерін бұзғаны үшін мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттерге аударуға тиісті сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|