ҚазақстАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің мынадай тетігі айқындалсын: 1) Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға ретінде, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстан Республикасының Конституциясында реттелген мәселелерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін ұйымдастыру мен қызметі; салық салу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, нақтылау және пайдалану; халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды әкелу және әкету; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру; еңбекақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру; шекті тарифтерді және халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу; бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; лицензиялау, рұқсаттар және хабарламалар; мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; құқық тәртібін қамтамасыз ету; қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдары; елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|