Осы редакция 2020 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 6-қосымша
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша докторантураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
6D11-«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» топ мамандықтары бойынша философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) медициналық және фармацевтикалық білім беру және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу секторы үшін мамандарды іргелі білім беру, әдістемелік және зерттеу даярлығын болжайды. Философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлаудың негізгі міндеттері: мамандарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) саласы үшін ғылымның сәйкес бағыты бойынша толық және сапалы білім беру, кәсіптік құзыреттілік, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету; кәсіптік қызмет аясындағы проблемалар мен міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және медицина саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті жаңа ғасыр мамандарын даярлау; дайындықтан өткен мамандардың денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда олардың көшбасшылық орын алуы үшін жеткілікті білімі мен іскерлік деңгейіне қол жеткізуі; оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, медицинаның нақты бағыты бойынша ауқымды ғылыми-практикалық және әдістемелік дайындықты іске асыру. Осы міндеттерге қол жеткізудің негізінде докторанттардың базалық жəне бейіндеуші пəндер бойынша қажетті білім мен құзыреттін меңгеру, кәсіби практикадан (педагогикалық, зерттеу) өту жəне эксперименттік-зерттеу/ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде дағыдлары мен іскерлігін қалыптастыру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|