«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17315 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру - мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлау процесі; 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|