Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы (2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент-банк - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен агенттiк келісім негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсететiн банк немесе ұйым; 2) жәбiрленушi - өзге тұлғаның көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға; 3) зиянды өтеу резервi - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) кепiлдiк төлемi - «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтiн ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы), сондай-ақ жәбірленушіге (зиянды өтетуге құқығы бар адамға) сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде келтірілген зиянды өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға; 6) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарты; 7) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына төлейтiн, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бiр бөлiгi түріндегі ақша сомасы; 8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы; 9) меншiктi капитал - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының оның мiндеттемелерiне азайтылған активтерi мен сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) мiндеттi жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтiн кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлiгi түріндегі ақша сомасы; 11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) өтініш беруші -сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесi - қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 17) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерi - осы Заңда көзделген жағдайларда өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген адамдарға төленетiн ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды 18-1) сақтандыру шарты - кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 19) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қосымша төлейтiн ақша сомасы; 20) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21) шартты мiндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшiн ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алдындағы мiндеттемелерi.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі - Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 2. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары Уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының, Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын бұзушылықтарын, құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолданады. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының есептілікті беру ережесін қараңыз
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-2-баппен толықтырылды 3-2-бап. Санкциялар Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады: 1) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) кепілдік төлемдерін, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеу, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу; 4) уәкiлеттi органға қатарынан екi күнтiзбелiк ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептiлiктi (қаржы есептiлiгiн қоса алғанда) табыс етпеу; 5) бухгалтерлiк есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруы жөніндегі операцияларды тиiстi дәрежеде көрсетпеуiне, сондай-ақ есептiң өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) анықтау; 6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген дұрыс емес мәлiметтер мен есептiлiктiң табыс етiлуiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) белгiлеу; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгiлi болған фактілері туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу; 8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру; 9) Қордың жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен ( бұр. ред . қара); 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Уәкiлеттi орган: 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру тәртібі мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды; 2) барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн сатндартты болып табылатын қатысу шартының талаптарын айқындайды; 3) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн белгiлейдi; 4) Қор есептiлiгiнiң (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi; 7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді; 9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қолданады; 10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi; 11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2. Уәкiлеттi органның мынадай: 1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру; 2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы; 3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту; 4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы; 5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады. 3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады. 4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 4-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар 1. Мыналар Қордың басшы қызметкерлері болып табылады: 1) Қордың басқару органының басшысы мен мүшелері; 2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелері; 2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі және (немесе) қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу және (немесе) бақылау мен қадағалау саласында және (немесе) қаржы ұйымдарына аудитті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек өтілі жоқ; 3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы; 4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; 5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады. 3. Қордың басшы қызметкері оны тағайындаған (сайлаған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде атқаруға құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, Қор осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Уәкілетті органның келісімінсіз Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды. Қор құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган оларды қарамастан Қорға қайтарып береді. 4. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады: 1) басшы қызметкерлерінің осы бапта, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі; Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады: кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы; кандидаттың не аудармашының (егер бұл аудармашыны кандидат өзі ұсынған болса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы; кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі; 3) Қордың уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе Қордың уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықтаған құжаттарды осы баптың 3-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы; 4) басшы қызметкер өз лауазымын уәкілетті органның келісімінсіз атқаратын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттарды ұсынуы; 5) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың болуы. Осы талап Қор кандидатты келісу туралы өтінішті берген күнге дейін бір жыл бойы қолданылады; 6) басшы қызметкер лауазымын атқаратын (атқарған) не басшы қызметкердің міндеттерін орындайтын кандидаттың өз өкілеттігіне кірген мәселелер бойынша кандидат қаржы ұйымының, Қордың, банк, сақтандыру холдингінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына алып келген және сол үшін уәкілетті орган осы қаржы ұйымына, Қорға, осы банкке немесе сақтандыру холдингіне қатысты шектеулі ықпал ету шарасын және (немесе) санкция қолданған шешімдерді қабылдау фактілері туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы. Осы талап уәкілетті орган бұзушылықты анықтаған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады; 7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады. Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған: уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған; уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады; 8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы бойынша бас тартады. Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған: уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған; уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда аталған бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі. 5. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартқан не ол Қордың басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған жағдайларда, осы адам оны сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымынан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен көп емес, осы Қордың басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалу (сайлануы) мүмкін. 6. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті орган оны осы Қорда басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күнінен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындалуы (сайлануы) мүмкін. 7. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді: 1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы; 2) басшы қызметкерге оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түріндегі санкцияларды қолдану; 3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы; 4) Қордың аталған басшы қызметкерін (қызметкерлерін) Қор қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе осы адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін жұмыстан босатқан жағдайларда, осы адамдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тануға жеткілікті деректердің болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы. Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады. Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Қор осы адаммен жасалған еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті. |