«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 1010 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережеде: бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «13. Міндеттері:»; 3) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) күзеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;»; 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13) мемлекеттік құпияларды қорғауды, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; 14) аумақтық бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Аумақтық бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын: «17) өз құзыреті шегінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі. 18) Комитеттің мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|