«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына (Нормативтік құқықтық әктілерді тіркеу тізілімінде № 12066 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда «Әділет» нормативтік құқықтық әктілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық әктілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген) «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияда - «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру; Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|