ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.30.01. № 53 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.05.11. берілген өзгерістермен)
1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Көлік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 20 (жиырма) күнтізбелік күн. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толығымен автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеменің каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы стандартының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|