|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат): 122-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.». 2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат): 1) бүкіл мәтін бойынша «саябақтарға», «саябақтар», «табиғи саябақ», «саябақтардың» деген сөздер тиісінше «парктерге», «парктер», «табиғи парктер», «парктердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мазмұнында: 33-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды мемлекеттiк тiркеу»; мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру»; 91-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi»; мынадай мазмұндағы 117-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау»; 3) 4-бап мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын: «74-1) орманның экологиялық жүйелік қызметтері (бұдан әрі - орманның экожүйелік қызметтері) - орман қоры аумағында және оған іргелес жатқан учаскелерде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, пайдалы қасиеттерін қоса алғанда, орманды, оның функцияларын пайдаланудан алатын пайда;»; 4) 12-бапта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемдерін бекітеді;»; 17-20) тармақша алып тасталсын; 5) 13-бапта: 1-тармақта: 17), 18-4), 18-5) және 18-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;»; «18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;»; «18-15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;»; 18-16) және 18-17) тармақшалар «инспекциясы мен» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен толықтырылсын; 18-32) тармақшадағы «орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды» деген сөздер «орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды» деген сөздермен ауыстырылсын; 18-34) тармақшадағы «ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын» деген сөздер «ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 18-45), 18-46), 18-47) және 18-48) тармақшалармен толықтырылсын: «18-45) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді; 18-46) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді; 18-47) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді; 18-48) басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 2-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы «ұзақ мерзімді» деген сөздерден кейін «және қысқа мерзімді» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 15-бапта: 15-3) тармақшадағы «ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын» деген сөздер «ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 15-4) және 15-5) тармақшалармен толықтырылсын: «15-4) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді; 15-5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;»; 7) 18-бап мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын: «14) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді; 15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді.»; 8) 21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «ұзақ мерзімді» деген сөздерден кейін «және қысқа мерзімді» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 24-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Кодексте айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;»; 5) тармақшадағы «беру құқығы бар.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.»; 10) 29-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатыспайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.»; 2-тармақтағы «орман билетiнiң» деген сөздер «қысқа мерзімді орман пайдалану шарты және (немесе) орман билетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына» деген сөздер «ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 31-бапта: 1-тармақтағы «Мемлекеттiк», «және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып» деген сөздер тиісінше «Осы баптың 1-1-тармағында көзделген орман пайдалану түрін қоспағанда, мемлекеттiк», «, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстары аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi. 1-2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін: 1) сүрек дайындау; 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау; 3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану; 4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану; 5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану; 6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану; 7) жанама орман пайдалану.»; 2-1-тармақтың бірінші абзацындағы «орман пайдалануға», «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер тиісінше «пайдалануға», «Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысусыз Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 33-бапта: тақырыптағы «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және оны» деген сөздер «ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты» деген сөздер «ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттары» деген сөздермен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2-тармақта: «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты» деген сөздер «ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттары» деген сөздермен ауыстырылсын; «ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып» деген сөздер «мемлекеттiк тiркелген кезінен бастап жасалды деп» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 34-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға: 1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге; 2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.»; 2-тармақта: бірінші абзац «пайдаланудың» деген сөзден кейін «мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы «пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.»; 14) 36-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар үшін - орман мекемесі бекіткен, мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі.»; 7-тармақтағы «аралық пайдалану мақсатында кесудi және өзгедей мақсатта кесудi», «мен (немесе)» деген сөздер тиісінше «басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудi және басқа да мақсаттарда ағаш кесудi», «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта: «жүзеге асыруға» деген сөздерден кейін «, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға» деген сөздермен толықтырылсын; «аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi» деген сөздер «ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 37-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісу бойынша ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.»; 16) 38-баптың 1) тармақшасындағы «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының», «билетiмен, орман билетiмен белгiленген» деген сөздер тиісінше «ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының», «билетiнде, орман билетiнде айқындалған» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының» деген сөздер «ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ережелерiн», «ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында», «үнемi» деген сөздер тиісінше «қағидаларын», «ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында», «жүйелі түрде» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 41-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылуы;»; 20) 42-баптың 5-тармағындағы «заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi заттар» деген сөздер «заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа кезде, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгiзiлген жабайы өсетін өсiмдiктер мен саңырауқұлақтар түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын: «51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру 1. Басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер орман қорының құрамына енгізілуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екпелерді анықтауды, құжаттаманы ресімдеуді және оны уәкілетті органға ұсынуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. 3. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру Қазақстан Рсепубликасының жер заңнамасына және осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 22) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетiледi.»; 23) 55-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «, оның ішінде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру» деген сөздер алып тасталсын; 24) 56-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бастапқы орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте айқындалған тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Мемлекеттік орман иелігі аумағында ревизиялық кезең аяқталған және орман орналастырудың жаңа құжаттамасы қолданысқа енгізілгенге дейін: 1) өртке қарсы іс-шаралар ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады; 2) ағашты санитариялық мақсатта кесуді қоса алғанда, орман қорғау іс-шаралары ормандардың санитариялық жай-күйіне қарай, мемлекеттік орман иеленушілер немесе уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізетін орман-патологиялық зерттеп-қараулардың материалдары бойынша айқындалатын көлемдерде жүзеге асырылады; 3) ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар орман дақылдары қорының болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде, бірінші кезекте, ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерде орындалады; 4) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуіне кедергі келтіретін ағаштарды кесіп тастауды қажет ететін екпелердің болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады; 5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу есепті кеспеағаш аймағының орман орналастыру жобасында белгіленген шекте уәкілетті орган бекіткен жыл сайынғы кеспеағаш аймағы қоры мөлшерінде жүргізіледі. Бір жыл бойы есепті кеспеағаш аймағына осы Кодексте айқындалған тәртіппен өзгерістер енгізіледі; 6) орман пайдаланудың осы бөліктің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген қалған түрлері осы Кодексте айқындалған тәртіппен ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен орман пайдалану туралы деректерді бұрынғы орман орналастыру материалдарына енгізуге міндетті.»; 25) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын: «70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау 1. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады. 2-тармақтың 25) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді. 3. Мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.»; 26) 72-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орман мекемелері және орман пайдаланушылар орманның экожүйелік қызметтері үшін ерікті жарналар есебінен жүргізе алады.»; 27) 77-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.»; 28) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.»; 29) 88-баптың 1-тармағында: 3) тармақшадағы «(қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер)» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 29) тармақшасының үшінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) тармақшадағы «бау-бақша шаруашылығы» деген сөздер «бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын: «91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi 2-тармақтың 30) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды 1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады. 2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.»; 2-тармақтың 31) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 31) 98-баптағы «бау-бақша шаруашылықтары,» деген сөздер «бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 99-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.»; 33) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.»; 34) 102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.»; 35) 109-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде орманның экожүйелік қызметтері үшін қайырмалдықтары, ерiктi жарналары;»; 36) 112-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету;»; 37) 113-баптың 1-тармағында: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын, санитариялық қағидаларды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын бұзу;»; 19) тармақшадағы «мен таксациялаудың уәкілетті орган бекіткен тәртiбiн» деген сөздер «және таксациялау қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 38) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын: «117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау 1. Орман шаруашылығының мамандары Қазақстан Респрубликасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады. 2-тармақтың 38) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығының мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді. 3. Орман шаруашылығының мамандарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.». 3. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |