Осы редакция 2015 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 4-қосымша
«Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрлігімен мемлекеттік кірістер Комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші тарапынан ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушыны жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш (бұдан әрі - салықтық өтініш) және құжаттар берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; салық төлеушінің тіркеу карточкасын өзгерістер енгізу бойынша - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жері бойынша салық органы осы мемлекеттік көрсетілетін салықтық өтінішті және құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару - жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде табыс етілетін салықтық өтініш негізінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|