Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 37 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 қаулысымен бекітілген
ереже
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің мәртебесін, өкілеттіктерін, сондай-ақ ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің (бұдан әрі - ЖПҚ) жұмысын ұйымдастыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін айқындайды. 2. ЖПҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. 4. ЖПҚ қызметкерлерінің қызмет өткеру шарттарын қоса алғанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері деген бірыңғай құқықтық мәртебесі бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|