Осы редакция 2019 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына 3-қосымша
«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті (2015.18.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.18.12. № 7-1/1098 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік корсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық және аудандық филиалдары және «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - мемлекеттік орган); 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - сараптама актісі (сынақ хаттамасы), не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн (сынақ хаттамасын) беру» мемлекеттік корсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|