Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 9-НҚ нормативтік қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 2-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15111 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|