Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 133 шешімімен күші жойылды
ШЕШТІ: 1. Қаражал қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5999 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШТI:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 5, 6, 7-тармақтар жаңа редакцияда мазмұндалсын: «5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|