Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2018 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі; 2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі; 3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі; 4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары мен нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесінде: мына: «
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|