|
|
|
Осы редакция 2016 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 1-қосымша
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ЗТМО); 2) зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттардың топтамасын ЗТМО-да тіркеген сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні; Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда: ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай - 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. ЗТМО өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді; порталда - ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |