«Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы (2016.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті бекітілсін. 2. Мыналардың: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9116 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (28350) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (27747) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған); Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 210 «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9566 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|