|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 шілдедегі № 100-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы 2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 6-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау 9-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету 3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙНАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ 10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары 11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары 13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік) 14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі 15-бап. Органикалық өнім айналымының шарттары 16-бап. Органикалық өнім өндірушілердің және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері 17-бап. Органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу 18-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) органикалық өнім - ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде осы Заңның және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды; 2) органикалық өнім айналымы - органикалық өнімді әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, органикалық өнімді өткізу (сатып алу-сату немесе жеткізу) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестері және өзге де процестер; 1-баптың 3) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 3) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесі - органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның органикалық өнім және оның құрамдастары туралы, органикалық өнім өндіру процесі мен айналымы туралы деректерді қамтитын ақпараттық жүйесінің бір бөлігі; 4) органикалық өнімді таңбалау - тұтыну орамасына және (немесе) көлік орамасына жапсырылған немесе оларға салынған не соларға қоса берілетін, тұтыну орамасына, көлік орамасына немесе ақпарат жеткізгіштің өзге де түріне жазбалар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілемелер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде органикалық өнім туралы ақпаратты түсіру; 5) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісі - органикалық өнім өндірудің органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы тұтынушыларды хабардар ететін сәйкестік белгісі; 6) органикалық өнім өндіру - нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды; 7) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімі - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректердің негізінде алынған, органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының болуы туралы ақпарат; 8) органикалық өнім өндіруші - органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік); 9) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган - органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негіз деледі және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаттары: 1) органикалық өнім өндірісінің және айналымының барлық кезеңінде оның тұтастығын қамтамасыз ету; 2) органикалық өнімнің ішкі нарығын дамыту және халықтың оған деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; 3) органикалық өнімнің ұлттық брендін дамыту; 4) органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнама сының міндеттері: 1) тамақ өнімдерінің сапасын арттыру; 2) жергілікті жағдайларға және органикалық өнім өндіру мақсаттарына бейімделген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын және ауыл шаруашылығы жануарларын пайдалануға жәрдемдесу; 3) органикалық өнім өндірушілерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғау; 4) бәсекеге қабілеттілікті арттыру және органикалық өнім экспортын ұлғайтуға жәрдемдесу; 5) органикалық өнім өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының қағидаттары Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының қағидаттары: 1) қоршаған ортаға, адам денсаулығына, өсімдіктердің саулығына, сондай-ақ жануарлардың саулығы мен амандығына залал келтірмейтін органикалық өнім өндіруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 2) топырақты, суды, ауаны қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқарудың орнықты жүйелерін пайдалану, биоәртүрлілікті сақтау болып табылады.
2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқарады.
6-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган: 1) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 3) органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарларының тізілімін жүргізеді; 4) органикалық өнім өндіру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді; 5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6-баптың 6) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 6) органикалық өнімді есепке алу және қадағалау жүйесін жүргізеді; 7) органикалық өнім өндірушілерге ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетуді ұйымдастырады; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Өзге мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті 1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган: 1) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін; органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын келісуді жүзеге асырады; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы өзге мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) халықты органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді; 2) органикалық өнім өндірушілерге олардың өнімдерін өндіру, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізу, сондай-ақ осы өнімді экспортқа ілгерілету мәселелерінде жәрдем көрсетеді; 3) органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары мен ауыл шаруашылығы жануарлары тізіліміне енгізу үшін органикалық өнім өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының және ауыл шаруашылығы жануарларының бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынады; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерін де Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығыстардың бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙНАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ
10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары 1. Органикалық өнім өндіруге өту органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Органикалық өнім өндіруге өту кезінде мынадай шарттар сақталуға тиіс: 1) сәйкестікті растау жөніндегі органмен органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімін жүргізуге арналған шартты жасасу; 2) бүкіл өтпелі кезең ішінде осы Заңның 11-бабында көзделген талаптарды сақтау; 3) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сай келетін өзге де шарттар. 3. Органикалық өнім өндіруге өтпелі кезеңнің ұзақтығы органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарда белгіленеді. 4. Тек бір ғана құрауыш ингредиенті бар ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын, тамақ өнімдерін және өсімдік тектес азықтарды қоспағанда, өтпелі кезең өнімін «өтпелі органикалық өнім» ретінде өткізуге және таңбалауға тыйым салынады.
11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары 1. Органикалық өнім өндіру кезінде қызмет түріне қарай мынадай шарттар сақталуға тиіс: 1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сау тұқымдарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, жануарлардан алынған және өсімдік тектес қауіпсіз өнім мен шикізатты пайдалану; 2) егер Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарда өзгеше белгіленбесе, синтетикалық жолмен алынған заттар, химиялық пестицидтер, гормондар, антибиотиктер және тағамдық қоспалар қолдануды болғызбау; 3) топырақ құнарлылығын сақтау және молықтыру; 4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерге, арамшөптерге және өсімдік ауруларына төзімді тиісті ауыспалы егістерді, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлері мен сұрыптарын таңдауды қамтитын алдын алу шараларының көмегімен қорғау; 5) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, арамшөптерден және өсімдік ауруларынан қорғаудың механикалық, биологиялық және физикалық әдістерін қолдану; 6) өндіру үшін органикалық өнімнің нақты түрін таңдау кезінде экологиялық жүйелерді сақтау; 7) жергілікті жағдайларға бейімделген төзімді ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерін, сұрыптарын және ауыл шаруашылығы жануарлары түрлерін таңдау; 8) ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға және жаюға тиісті жағдайларды қамтамасыз ету, олардың табиғи мінез-құлқын ескеру, табиғи иммунитетін ынталандыру арқылы олардың саулығына қамқорлық жасау; 9) иондаушы сәулеленуді қолдануды болғызбау; 10) ветеринариялық препараттардан басқа, генетикалық түрлендірілген объектілерді қолдануды болғызбау; 11) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды пайдалануды барынша азайту; 12) топырақты пайдаланбай өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру әдістерін қолдануды болғызбау; 13) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сай келетін өзге де шарттар. 2. Араласуды болғызбау үшін органикалық өнім өндіру органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім өндірісінің және айналымының барлық кезеңінде органикалық өнімге жатпайтын өнім өндіруден бөлек болуға тиіс.
12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) 1. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау ерікті сипатта болады және оны Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сай аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүзеге асырады. Сәйкестік сертификаты органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау нәтижесі болып табылады. 2. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен және сәйкестік сертификатын алғаннан кейін органикалық өнім өндірушінің органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін түсіруге құқығы бар. Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнеленуі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны түсіруге қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді. 3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган органикалық өнім өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, бұрын органикалық өнім өндіруге берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұруға немесе күшін жоюға (тоқтатуға) құқылы. 4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрған немесе күшін жойған (тоқтатқан) жағдайларда органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау нәтижелері туралы немесе сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру туралы немесе күшін жою (тоқтату) туралы ақпарат жібереді. 5. Экспортқа өткізуге арналған органикалық өнімді өндіру импорттаушы елдің заңнамасында белгіленген органикалық өнім өндіру шарттарына қойылатын талаптарға сай сәйкестікті растау рәсімінен өтеді.
13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік) 1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өту үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік (бұдан әрі - жай серіктестік) құруға құқылы. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімі, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) осы Заңның 12-бабының 1-3-тармақтарына, сондай-ақ ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Жай серіктестікке қатысушылар сәйкестік сертификатын бір-бірінен тәуелсіз пайдалана алмайды. 2. Жай серіктестікке қатысушылар өзара келісім бойынша жай серіктестікке қатысушылардың біріне басшылық ету мен ортақ іс жүргізуді тапсыра алады. Жай серіктестіктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында айқындалады.
14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі 1. Жеке тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысу үшін бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестікке бірігуге құқылы (бұдан әрі - бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар). Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес әзірлейді және бекітеді. 2. Бірлескен кепілдіктер жүйесіне (PGS) қатысушылар органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарда белгіленген өнім өндіру жөніндегі шарттарды сақтайды. Бірлескен кепілдіктер жүйесінде (PGS) өндірілген өнім өндірісі және айналымы кезінде «PGS қаты сушысы» белгілемесін пайдалануға жол беріледі. Ескертпе. Бірлескен кепілдіктер жүйесі (PGS) деп дәстүрлі ауыл шаруашылығынан органикалық ауыл шаруашылығына өту мақсатында бірлесіп қатысу, ұжымдық жауапкершілік, ашықтық, сенім және білім алмасу қағидаттарына негізделген қызмет танылады.
15-бап. Органикалық өнім айналымының шарттары 1. Органикалық өнім айналымы органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары, өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады.
16-бап. Органикалық өнім өндірушілердің және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері 1. Органикалық өнім өндірушілер және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. 2. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы талаптарды бұзу анықталған жағдайда, органикалық өнім өндірушілер және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалар органикалық өнімді кері қайтарып алуды және (немесе) органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін алып тастауды қамтамасыз етеді.
17-бап. Органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті орган сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін деректер негізінде органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізеді және оны органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
18-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар 1. Органикалық өнімді таңбалау сәйкестік сертификаты болған кезде органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидалары мен ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. 2. Органикалық өнімді таңбалау және оны жарнамалау кезінде «органикалық» деген сөзді, одан туынды немесе қысқартылған сөзді бөлек немесе өнім атауымен тіркесте пайдалануға жол беріледі. Бұл өнім органикалық өнімге сәйкес келеді деп түсіну тұрғысынан тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін болатын таңбалауға жол берілмейді.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын және 6-баптың 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 10 маусым № 89-VIII ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы3-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының мақсаты мен міндеттері4-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасының қағидаттары 2-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті6-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті7-бап. Өзге мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы құзыреті8-бап. Органикалық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау9-бап. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету 3-тарау. ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙНАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ МЕН РӘСІМДЕРІ10-бап. Органикалық өнім өндіруге өту шарттары11-бап. Органикалық өнім өндіру шарттары12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату)13-бап. Органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік)14-бап. Бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі15-бап. Органикалық өнім айналымының шарттары16-бап. Органикалық өнім өндірушілердің және оның айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттері17-бап. Органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізу18-бап. Органикалық өнімді таңбалауға қойылатын міндетті талаптар 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |