ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес мамандандырылған ауданаралық және мамандандырылған әкімшілік соттар қайта аталсын. 2. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары деп есептелсін. 3. Мынадай: 1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары; 2) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары; 3) Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылсын. 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 26 қаңтар
№ 500
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 500 Жарлығына ҚОСЫМША
Мыналар: 1) Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып; 2) Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|