ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары; 2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қыркүйектің 28-і.
№ 344
Президентінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді. 2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады. 3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді. 4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша сондай-ақ: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|