Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 356 бұйрығына 1-қосымша
Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Ереже бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ) тізілімдерін жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді және нотариаттық іс - әрекеттердің электрондық тізіліміне, мұрагерлік істер тізіліміне, өсиеттерді есепке алу тізіліміне (бұдан әрі-БНАЖ электрондық тізілімдері) қолданылады. 3. БНАЖ электрондық тізілімдерін жүргізу оларға мәліметтер енгізуді, электрондық тізілімдерге енгізілген мәліметтерге қатысты нотариаттық құпияны қамтамасыз етуді, осы тізілімдерден мәліметтер беруді қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|