«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Осы редакция 2023 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2023 жылға мынадай: 1) кiрiстер – 17 543 276 102 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 13 559 036 264 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 351 081 214 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 1 248 374 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 631 910 250 мың теңге; 2) шығындар – 20 578 663 319 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 25 878 145 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 279 299 322 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 253 421 177 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 138 734 638 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 138 734 638 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы – -3 200 000 000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 2,7 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -8 161 315 600 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 6,8 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 3 200 000 000 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын. 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Президенті Іс Басқармасының басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін); 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде салынған орта білім беру объектілерін күтіп-ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|