«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 215 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11565 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту, сондай-ақ парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау саласындағы кәсіби верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 11-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «4-рәсiм - электрондық үкiметтiң шлюзi (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы сұрауды «Заңды тұлғалар» мемлекеттiк дерекқорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жiберу; 2-шарт - көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болуын тексеру; 5-рәсiм - көрсетiлетін қызметті алушы деректерiнiң ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректердi алудың мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны қалыптастыру;»; 11-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1-шарт - порталда тiркелген көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердiң төлнұсқалығын логин (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) және пароль арқылы тексеру;». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|