|
«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 546/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17028 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Көрсетіліп отырған бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы №846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын: «3-1-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде және олардың аумағы шегінде тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұру және қалпына келтіру тәртібі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|