Осы редакция 2022 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (2022.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингісі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу мен қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады. 3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк; 2) банктік кредит/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – кредит/қаржылық лизинг шарты/қаржылық лизинг) – банк/лизингтік компания кәсіпкерге кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдаланылу шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|