ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.20.08. № 337 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.15.11. № 323 бұйрығымен (2023 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-қосымша жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 4-қосымша
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлу «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24385 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. 3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|