|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 21-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-ІI, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат): 1) 37-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «мақсаттары үшін», «мерзіміне беріледі.» деген сөздер тиісінше «мақсаттары үшін -», «мерзіміне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге беріледі.»; 2) 109-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылысжайларды (сауда шатырларын (павильондарды), киоскiлердi, сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру үшiн уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.». 2-тармақ 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат): 1) 49-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы алып тасталсын; 2) 50-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын; 3) 51-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы;»; 4) 52-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;»; 5) 52-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакциияда жазылсын: «5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы: аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте; аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде; елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.». 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат): 1) 193-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын: «4. Тауар бағасын Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетпеу - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 2) 455-бап мынадай редакцияда жазылсын: «455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану - жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын: 1) осы Кодекстің 163-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнама; 2) бейәдеп және жасырын жарнама; 3) ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналардағы жарнама; 4) алкоголь өніміне, темекіге және темекі өнімдеріне сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде жүлделер, лотереялар ойнату нысанындағы жарнама; 5) ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президенттiгіне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни телебағдарламаларды трансляциялауды, сондай-ақ балалар телебағдарламалары көрсетiлiмiн, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнаманы қоспағанда, жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен бөліп жіберу; 6) сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетуде фильм көрсетілімін жарнамамен бөлiп жiберу; 7) сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру; 8) тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасы; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарының жарнамасы түрінде жасалған бұзушылық - жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 3. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу - жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған әрекет - жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға - бір жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 3-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 3) 692-1-баптың бірінші бөлігінде: «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын; «455» деген цифрлар «455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 729-баптың бірінші бөлігінде: «172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде),» деген сөздерден кейін «193 (төртінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді «455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын. 4-тармақ 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат): 1) 22-баптың 6-тармағындағы «, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың» деген сөздер алып тасталсын; 2) 603-бап мынадай редакцияда жазылсын: «603-бап. Жалпы ережелер 1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін алынады. 2. Тиісті хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады. 3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылған жердегі салық органдарына төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналастырылу кезеңі мен орны, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.»; 3) 605-бапта: 2-тармақтағы «Республикалық» деген сөз «Халықаралық және республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқығы бар.»; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың әрбір көрініс, оның ішінде бейнекөрініс жағы түсініледі.»; 4) 606-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың: 1) хабарламада көрсетілген; 2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.»; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «есепті айдан кейінгі айдың» деген сөздер «ағымдағы айдың» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының бюджетке енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.». 5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат): 5-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді 1) 4-3-баптың 13-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13-2) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекітеді;»; 2) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-5-тармақпен толықтырылсын: «3-5. Бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсетпей, өткізу мақсатында тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.». 6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 7 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 6-тармақтың 1) тармақшасы халқының саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 1) 3-баптың 3-тармағында: бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы: аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте; аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде; елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша есептеледі және төленеді.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |