«Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14818 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 13) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; кәсіби аудиторлық және аудиторлық ұйымдардың тізбесі мен есептілікті ұсыну кезеңділігі көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілген, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; кәсіби аудиторлық ұйымның қызметі туралы жартыжылдық есеп нысаны көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілген, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; кәсіби аудиторлық ұйымның аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізуі және сертификаттар беруі туралы жыл сайынғы есеп нысаны көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілген, осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|