Осы редакция 2019 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 6-қосымша
Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің (2018.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Біріктірілген білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастанбіріктірілген білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды. 2. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері: 1) мектеп-гимназия; 2) мектеп-лицей; 3) қосымша білім беру мектеп-орталығы; 4) мектеп-интернат-колледж; 5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені); 6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық); 7) оқу-тәрбие орталығы (кешені); 8) оқу орталығы болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.13.02. № 60 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Біріктірілген білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Ұйымдардың үлгілері мен түрлері бойынша сыныптардың (топтардың) жиынтықтылануы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 5. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша біріктірілген білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес( аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|