Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 16 шілдедегі № 429-1 Заңы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу 3-1-бап. Алып тасталды 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi 7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары 8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау 9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары 10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты 11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары 12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу 12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары 13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау 15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау 16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары 17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану 19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру 21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі. 10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу; 2) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды - өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі; 4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату; 5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту; 6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы; 7) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) есепке алатын бақылау аспаптары - электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары - уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда 8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма; Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесін, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін қараңыз 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) коньяк спирті - көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық толысылған шарапты (шарап материалын) фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың бүкіл кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты; 10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы; 11) қойма үй-жайлары - тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн); 12) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі; 13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат; 14) пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы; 15) сақтау - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау); 16) сәйкестендіру - өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) стационарлық үй-жайлар - сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi. Осы Заңда стационарлық үй-жайларға жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелері, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелері, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханалары теңестіріледі; 18) сусыз спирт - құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) сыраны құю - сыраны тасымалдауды және сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі; 19) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер; 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат; 20) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс; 21) фирмалық мамандандырылған дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай; 22) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) этил спиртi - спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қант және крахмал бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазарту жолымен, толысылған шараптан (шарап материалынан) тікелей немесе екі мәрте айдау жолымен және тағамдық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері - этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа) қалдықтары, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректер; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды 25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы - есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;
2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу 1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады. 2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау; 2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау; 3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді: 1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу; 4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу; 6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттік есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау; 7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; 8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. 9) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. 2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Осы бапта көзделген этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелетін биоэтанол өндірісіне және айналымына қолданылмайды.
3-1-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды; 2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi; 5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді; 6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді; 7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.
5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Алкоголь өнiмiне мыналар жатады: 1) арақтар және айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар; 2) ликер-арақ бұйымдары; 3) толысылған шарап (шарап материалы); 4) шараптар; 5) коньяк; 6) бренди; 7) сыра; 8) сыра сусыны. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Кейіннен сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе оларсыз, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес пайыз, елу пайыз және елу алты пайыз болатын су-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған алкоголь өнiмi арақтар мен айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар болып табылады. 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, толысылған шарапты (шарап материалын), жүзiм шараптарын, коньякты, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынатын спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан басталатын алкоголь өнiмi ликер-арақ бұйымдары болып табылады. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз пайыздан басталатын ликер-арақ бұйымдары күштiлігі жоғары ликер-арақ бұйымдары болып табылады. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан отыз пайызға дейiнгi ликер-арақ бұйымдары градусы төмен ликер-арақ бұйымдары болып табылады. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, тікелей немесе екi мәрте айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын алкоголь өнімі толысылған шарап (шарап материалы) болып табылады. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады. 6 - 12. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Коньяк этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі болып табылады. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес пайызға дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу пайыздан аспайтын мөлшердегi толысылған шараптан (шарап материалдарынан) алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi бренди болып табылады. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда 15. Қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған сыра қайнату өнімі сыра болып табылады. 16. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 17. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 18. Сыра сусыны сыра шырынын ашыту процесiнде пайда болған этил спиртінің көлемдiк үлесі 7 пайыздан аспайтын сыра қайнату өнiмі болып табылады, ол дәндi дақылдарды, құрамында қант бар өнімдерді, құлмақ және (немесе) құлмақ өнімдерін, жемiс және өзге де өсiмдiк шикiзатын, олардың қайта өңделген өнімдерін, дәмді хош иісті заттар мен хош иістендіргіштерді қоса отырып не қоспай, этил спиртін қоспай, сырадан (кемінде дайын өнiм көлемiнiң 40 пайызы) және (немесе) сыраның ашытылған сөлінен (кемінде шикізат массасының 40 пайызы) дайындалған сыра шырынынан, судан өндірілген өнім. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу3-1-бап.4-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi6-бап. Алып тасталды7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау14-бап. Алып тасталды15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану18-бап. Алып тасталды19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру20-бап. Алып тасталды |