Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысы (2017.13.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 298-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 150-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 908 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.08.11. № 719 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 6-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 7) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы - тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) олар қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілдіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген тұлға; 2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы - әлеуетті өнім берушiнiң шешiмдерiн тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның iшiнде шартқа немесе өзге де мәмiлеге байланысты ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты осы әлеуетті өнім берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға; 3) тапсырыс берушілер - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға жататын денсаулық сақтау субъектілері; 4) бірыңғай дистрибьютор - қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) сатып алу - тапсырыс берушінің, бірыңғай дистрибьютордың, лизинг берушінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен, оның ішінде сатып алу веб-порталын пайдаланумен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 6) сараптамалық бағалау - лизинг беруші, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асыратын бағалау; 7) дәрілік зат - фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне өтетін, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар: дәрілік субстанция, дәрілік шикізат, дәрілік заттардың балк-өнімдері, дәрілік препараттар; 8) иммундық-биологиялық препараттар - басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердің иммунологиялық әдістері көмегімен инфекциялық және иммундық аурулардың (аллергияны қоса алғанда) арнайы профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған препараттар, сыртқы орта объектілеріндегі инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған құралдар, қан препараттары (алу тәсіліне қарамастан), сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсер ететін препараттар; 9) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін жеке, кешендерде немесе медициналық мақсаттардағы жүйелерде қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдық; 10) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар, материалдар: медициналық құралдар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары; 11) біртекті тауарлар - бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар; 12) әлеуетті өнім беруші - осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе); 13) өнім беруші - осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржы лизингі шартын жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе); 14) тендер - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және сатып алу туралы шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі; 15) екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін тендер (бұдан әрі - екі кезеңдік тендер) - әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын аукционды қолдана отырып, шарттың анағұрлым тиімді талаптарын айқындауға бағытталған сатып алу тәсілі; 16) тендерлік құжаттама - осы Қағидаларға сәйкес тендерлік өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге тапсырыс беруші немесе тендерді ұйымдастырушы ұсынатын құжаттама; 17) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға немесе осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы; 18) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе қор және бірыңғай дистрибьютор айқындаған, осы Қағидаларда көзделген тәсілдермен сатып алуды ұйымдастыратын және сатып алу қорытындысын тапсырыс берушіге немесе қорға және бірыңғай дистрибьюторға сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін жіберетін адам; 19) отандық тауар өндіруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға: Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызмет «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсат (хабарлама) негізінде жүзеге асырылады; тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлар Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуіне (тіркеу куәлігіне) сәйкес Қазақстан Республикасында орналасқан өндірістік алаңдарда өндіріледі; Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі айналыста болуға арналған тауарлар; «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының аумағында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкетілетін тауарлар; 20) шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) - тұтынуға (қолдануға) дайын тауарлары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде толық өндірілген немесе қайта өңделген, бұл экспорттаушы елдегі құзыретті органдар берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттармен расталған, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шетелдік заңды тұлға; 21) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тізімі (бұдан әрі - бірыңғай дистрибьютордың тізімі) - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін: дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сипаттамаларын, олардың шекті бағаларын, отандық тауар өндірушілермен берудің ұзақ мерзімді шартын жасау мүмкіндігін; дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы үшін, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары немесе құрамы үшін нұсқаманы; медициналық техниканың, техникалық ерекшеліктің және жиынтықтың атауын, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құнын, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдерін қамтитын құжат; 22) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган - индустрия және индустриялық-инновациялық даму, елдің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестициялық қолдау саясаты саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 23) Қазақстан Республикасының резиденттері - Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері; 24) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - осы тармақтың 23) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері; 25) бекітілген баға - сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған өнім беруші дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьюторға беруге міндеттенетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы; 26) фармацевтикалық көрсетілетін қызмет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғандағы халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің қызметі; 27) өнім берушіге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің шығындарын өтеу - қор қаражаты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген құны бойынша шығындарды фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді берушіге өтеу; 28) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты - дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өндірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың ішкі айналыс үшін шығарылуы туралы сертификаты бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен не дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт; 29) кепілдікті сервистік қызмет көрсету - өндіретін зауыт белгілеген шығыс материалдары мен тозатын тораптарды қалпына келтіруді қоспағанда, сатып алу шарттарында, өнім берудің ұзақ мерзімді шарттарында, үш жақты сатып алу және қаржы лизингі шарттарында айқындалған мерзімде тиісті түрде пайдаланылған және сақталған жағдайда өнім беруші (дайындаушы, орындаушы), оның ішінде қашықтықтан (мамандандырылған бағдарламаларды және жабдықты, деректерді беру арнасын, сәйкестендірілген бар кодты немесе өзге де әдісті пайдаланумен, онлайн режимде) көрсететін техникалық қызмет көрсетудің кез келген түрлерін, техникалық диагностиканы және жабдықтың ақауын, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық консультацияны қамтитын берілген медициналық техниканы жарамды жай-күйде ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешені; 30) қаржы лизингі шарты - үш жақты шарт, оған сәйкес лизинг беруші осы Қағидаларға сәйкес өнім берушіден лизинг алушы көрсеткен лизинг нысанасын жеке меншігіне сатып алуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы лизинг нысанасын лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға ақылы түрде беруге міндеттенеді; 31) сатып алу шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге тауарларды сатып алуға тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт; 32) өнім беру шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен өнім беруші арасында жасалған шарт; 33) сатып алу шарты - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт; 34) фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шарт - осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазбаша нысанда белгіленген, тараптар қол қойған немесе бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған және тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған барлық қосымшалармен бірге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші немесе бірыңғай дистрибьютор және өнім беруші арасында жасалған шарт; 35) клиникалық-техникалық негіздеме - сұрау салынған медициналық техниканың қажеттілігі және денсаулық сақтау ұйымының оны қолдануға әзірлігі туралы ақпаратты қамтитын құжат; 36) лизинг беруші - тартылған және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг алушыға беретiн заңды тұлға (лизинг мәмiлесiне қатысушы); 37) лизинг алушы - қаржы лизингі шартының талаптарында лизинг нысанасын қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы (лизинг мәмiлесiне қатысушы); 38) лизинг төлемдері - қаржы лизингі шартын жасау сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасының барлық құнының өтелуiн ескере отырып есептелуге тиiс және қаржы лизингі шартының қолданылу мерзiмi ішінде жүзеге асырылатын, қаржы лизингі шарты қолданылуының барлық мерзiмi iшiнде қаржы лизингі шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, ол мыналарды қамтиды: қаржы лизингі шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа да шығындарды өтеуді; лизинг бойынша сыйақыны; 39) біріздендіруді талап ететін медициналық техника - облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен біртекті медициналық қызметтерді көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына сатып алынатын бір текті техникалық сипаттамалары бар медициналық техника; 40) лизинг мерзімі - лизинг нысанасы лизинг алушыға қаржы лизингі шартына сәйкес уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм, бұл ретте лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде қаржы лизингі шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқтырмайды; 41) инвестициялық жоба - тиісті өндірістік практика стандарттарына (GMP) сәйкес дәрілік заттардың және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ИСО сапасын басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың жаңа өндірістерін құруға және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені; 42) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты - бірыңғай дистрибьютор халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар медициналық техниканы беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен жасасатын азаматтық-құқықтық шарт; 43) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы - осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қалыптастырылған, тапсырыс берушілер және олардың сипаттамалары, өлшем бірлігі, өлшеп-орауы, өндірушінің атауы, өндіруші елі, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағалары көрсетілген, бірыңғай дистрибьютордың бір бірлікке үстеме бағасын, сондай-ақ дәрілік заттар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін халықаралық патенттелмеген атауын немесе құрамын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың тізбесінде қамтылған тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер берушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін баға ұсынысы; 44) орфандық препараттар - орфандық (сирек) ауруларды емдеуге және оның диагностикасына арналған препараттар; 45) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналыcы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжатына өзгерістер енгізу кезінде сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым (бұдан әрі - сараптама ұйымы); 46) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісі - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және тәсілдермен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен немесе бірыңғай дистрибьютормен шарт негізінде халықты рецепттер бойынша дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау субъектісі; 47) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі - бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжат алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе; 48) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы; 49) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 50) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; |