Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы (2021.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Тізбеде көрсетілген құрылымдық бөлімшелер ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді уақтылы орналастыруды және өзектілендіруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|