«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) аталған бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 4-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру - 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|