|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 12-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 732-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган»; 2) 409-бап: мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын: «12. Жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның спортшының келісіміне қарамастан, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануынан не тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді спортшының пайдалануына немесе спортшыға қатысты пайдалануға жәрдемдесуден көрінген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын бұзуы - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе. Осы бапта спортшының немесе спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға жәрдемдесу деп спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға ықпал ететін кез келген әрекеттер, оның ішінде кеңестер, нұсқаулар, ақпарат беру, тыйым салынған субстанцияларды, тыйым салынған әдістерді қолдану құралдарын беру, спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалануға кедергілерді жою, сондай-ақ спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдалану іздерін жасыру түсініледі.»; 3) мынадай мазмұндағы 732-1-баппен толықтырылсын: «732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган 1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409-бабында (он екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.». 3. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат): 36-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) арнайы спорттық мүкәммал - жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедек спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) бірыңғай спорттық сыныптама - спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлік деңгейін немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілігін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесі;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) бірінші жаттықтырушы - жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;»; 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға; 17) жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;»; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;»; 29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;»; мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын: «29-3) паралимпиадалық емес спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;»; 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «30) Паралимпиадалық ойындар - тірек-қозғалыс аппараты, көру органдары зақымданған және интеллектуалдық дамуы бұзылған мүгедек спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;»; мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын: «35-2) спорттық әдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;»; 42) тармақшадағы «ұйымдастырушысы бекіткен» деген сөздер «бекітілген» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын: «42-1) спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялау - жануарларды оларға қатысты допинг пайдаланылғаны үшін спорттық жарыстарға қатысудан, оқу-жаттығу жиындарынан шеттету;»; 48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «48) спортшыны дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;»; мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын: «52-1) сурдлимпиадалық спорт түрі - Сурдлимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген және Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті бекіткен спорт түрі;»; 2) 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «паралимпиадалық» деген сөзден кейін «, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 5-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға; 7) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға құқығы бар.»; 4) 6-бапта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді; 4-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;»; «8-1) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;»; 5) 7-бапта: 12), 13) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады; 13) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;»; «18) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлейді;»; мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын: «18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізеді; 18-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлейді;»; 25), 33) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «25) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;»; «33) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды - аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетімен келісу бойынша лауазымдарға тағайындайды және олардан босатады;»; «40) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын: «44-1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 48), 49) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекітеді; 49) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келіседі; 50) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекітеді және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келіседі;»; мынадай мазмұндағы 65-1), 65-2), 65-3), 65-4), 65-5), 65-6) және 65-7) тармақшалармен толықтырылсын: «65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 65-2) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді; 65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 65-5) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды; 65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;»; 6) 8-бапта: 1-тармақтың 8), 9), 14) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «8) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады; 9) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;»; «14) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады; 15) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;»; 2-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады; 7) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;»; 3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады; 2) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;»; 7) 11-бапта: 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының» деген сөздер «Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті құптауға тиіс.»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті құптауға тиіс.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |