Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына 2-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметі беруші), «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) орталық; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері орталыққа және ХҚО-ға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 4 (төрт) айдан аспайды (ХҚО жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді); Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынадай жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады: 1) егер білім туралы құжат Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарттарын (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|