Білім беру саласындағы лицензияларды айқындау туралы
Осы редакция 2017 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, діни білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметін лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар; 3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|