Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар: 1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын; 2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (келісім бойынша) - Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) іске асырылуы бойынша; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шараларына жүргізілген мониторинг және олардың орындалуын бағалау туралы жиынтық ақпарат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|