Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2019.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін. ҚР Қаржы министрінің 2018.02.10. № 872 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мыналардың: 1) «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 382 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10145 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16285 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|