Осы редакция 2018 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 72 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына 4-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.18.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.e.gov.kz «электрондық үкімет»,www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Аудорторлық қызметті жүзеге асыруға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.e.gov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі - лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|