Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағын іске асыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау есептілігін жүргізуді қамтамасыз етуі мақсатында және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және жұмыста қолдану үшін, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|