Қазақстан Республикасы Президентінің (2016.01.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының түсіндірмесін қара
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы тамыздың 27-і.
№ 371
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының Президенті елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын жолдау (бұдан әрі - жолдау) арнайды. Жолдаудың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен түзету үшін, оның ішінде алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жолдаудың жобасын әзірлеу, келісу, соңдай-ақ жолдауды іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|