Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптарды айқындау туралы
Бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың сапалы деңгейіне көшу үшін жағдай жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге (бұдан әрі - Цифрлық портфель) ұсынылатын ең аз талаптар белгіленсін. 2. Білім беру ұйымдарына 2019 жылы бірінші жартыжылдық ішінде компьютерлік және перифериялық техниканы, сондай-ақ инфрақұрылым мен ақпараттық жүйелерді Цифрлық портфельге сәйкес келтіру ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Цифрландыру департаменті: 1) 2019 жылғы 1 ақпанға дейін Цифрлық портфельдің талаптарын барлық білім беру ұйымдарына жеткізсін; 2) 2019 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерінің білім беру ұйымдарында пайдаланылатын ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылының үлгілік қағидаларын әзірлеп бекітсін және 2019 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде оларды мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р.А. Биғариға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығына қосымша
Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|