Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы (2023.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022.19.12. № 429 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.12. № 131 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағын бекітілсін. 2. «Биоотын өндірісі бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-1/676 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12046 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|