|
|
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң кейбір мәселелерi
Осы редакция 2016 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери бiлім беру жүйесiн жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 1173 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» мемлекеттік мекемесi «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училищесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 17 маусымдағы № 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 193-құжат): атауында және 1-тармағында «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Алматы жоғары әскери училищесiнiң» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» деген сөздер тиiсiнше «Құрлық әскерлерi әскери институтының» және «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» мемлекеттік мекемесi туралы ережеде: атауында, 1 және 6-тармақтарда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi» деген сөздер «Құрлық әскерлерiнiң әскери институты» деген сөздермен ауыстырылсын; мәтiнде «Әскери училище», «Әскери училищенiң», «Әскери училищеге» және «Әскери училищенi» деген сөздер тиiсiнше «Институт», «Институттың», «Институтқа» және «Институтты» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери академиясының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 12, 134-құжат): атауында және 1-тармақта «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери академиясының» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери академиясы» деген сөздер тиiсiнше «Ұлттық қорғаныс университетiнiң» және «Ұлттық қорғаныс университетi» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери академиясы» мемлекеттік мекемесi туралы ережеде: атауында, 1 және 6-тармақтарда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери академиясы» деген сөздер «Ұлттық қорғаныс университеті» деген сөздермен ауыстырылсын; мәтiнде «Академия», «Әскери академия», «Академияның», «Академияға» және «Академияны» деген сөздер тиiсiнше «Университет», «Университеттiң», «Университетке» және «Университеттi» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |