Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы А. Смайылов 2012 жылғы 11 мамыр
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығымен бекітілген
Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 6-бабы 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық нарығының мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз пайызы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) астық нарығына қатысушылар - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|